Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Назарбаев Университеті тағы бір биікке көтерілді!
NU әлемдік Times Higher Education Rankings (THE) рейтингінде 100 орынға жоғарылап, 401–500 үздік университеттер қатарына енді.
Бұл- жылдар бойғы қажырлы еңбек пен ұжымдық табыстың нәтижесі. Барша оқытушылар мен зерттеушілерді, студенттер мен түлектерді осы тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймын!
THE- әлемдегі ең беделді әрі сараптамалық университеттік рейтингтердің бірі.
Назарбаев Университеті - еліміздегі нағыз классикалық әрі ең қуатты зерттеу университеті. Академиялық еркіндігімен, ғылыми әлеуетімен, кадрлық құрамымен ол халықаралық стандарттарға толық сай келетін бірегей оқу орны.
Алайда университеттің қаржыландырылуы жеткіліксіз. Бұл - алаңдатарлық жағдай. Себебі мұндай университеттер- шығын емес, ел болашағына салынған инвестиция.
Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Болашақта бұдан да биік межелер - үздік 200–300 қатарынан көріну әбден мүмкін. Ол үшін мақтанышпен қатар нақты қолдау, ұзақмерзімді саясат және тұрақты инвестиция қажет”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.