Қазақстанның бұрынғы премьер министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті.
«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың мемлекеттік және халықаралық қызметте тәжірибесі мол. 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) болып жұмыс істеді. Ал бұған дейін ол Қазақстанда бірқатар жоғары мемлекеттік қызмет атқарған, оның ішінде 2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болған. «Құрмет» (2008), «Парасат» (2013), жоғары дәрежелі «Барыс» (2021) ордендерімен марапатталған», - делінген ЕЭК хабарламасында.
ЕЭК мәлімдеуінше, 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен жаңа құрам жұмысқа кірісті.
«Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев», - делінген хабарламада.