Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Экс-министр Бағдат Мусин АҚШ-та не істеп жүргенін айтты

30 мамыр 2024 155

Бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  инстаграм парақшасында алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол өз парақшасында бірнеше күннен бері АҚШ-та жүргенін баяндады.

– Біріншіден, кез келген кәсіби маман сияқты, әрине, мені технологиялық дамудың шыңында жүрген қызықтырады. Сондықтан мен осы күндері Bay Area-да өтетін бірнеше іс-шараларға қатысамын.

Сондай-ақ, біз қызымызды оның жасөспірім өміріндегі қызықты оқиғалардың бірінде қолдауға келдік. Біздің кіші қызымыздың мектебінің робототехника командасы жарыстарға қатысады. Сәттілік тілейміз! – деп жазады Мусин.

Ол алдағы күндерге қойылған өз жоспарымен бөлісті.

– Дәстүр бойынша, әртүрлі әлеуметтік бастамаларды талқылау үшін Digital Nomads-пен (біздің аймақтың жергілікті тұрғындарымен) кездесемін. Кездесу біз жасаған Silkroad innovation hub қабырғасында өтеді, - деді бұрынғы министр.

Әлем чемпионатының финалына қатысты мәселелерді де шешетінін жасырмады.

– Мен еліміздің спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы болғандықтан, осы жылдың қыркүйек айында Астанада зияткерлік спорт түрінен әлем чемпионатының финалын (спорттық бағдарламалау) өткізуге қатысты бірнеше ұйымдастырушылық мәселелерді шешемін. Ол үшін ICPC басшысы Билл Паучермен және оның командасымен кездесемін, - деп атап өтті Мусин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?