Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Экология министрі орынбасарының ұсталғанын жоққа шығарды

09:36, 23 ақпан 2024 453
Жуырда БАҚ-та Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Енді Экология министрі Ерлан Нысанбаев орынбасарының қызметте жүргенін айтты.

Министрдің айтуынша, Ошурбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалмаған.
«Тергеу аясында оның жұмыс бөлмесінен құжаттар алынды. Ол қазір іс бойынша куәгерлердің қатарында, тергеуге көмектесіп жатыр. Ол қазір жұмыста, қызметте жүр», – деді Ерлан Нысанбаев.

Еске салсақ, Мансұр Ошурбаев 2023 жылдың 1 маусымында экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

Фото: gov.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар