Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Эко орталық эмбрионды шатастырып алды: Сәби басқа жанұяда дүниеге келді

09:24, 15 сәуір 2025 306

Пациентке басқа жұптың эмбрионы салынғандықтан, ол генетикалық тұрғыда бөтен баланы дүниеге әкелді. Аустралиядағы ірі ЭКО клиникасы бұл бұрын-соңды болмаған жағдай үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ел бойынша 100-ден астам клиниканы басқаратын компания бұл жағдайды ауыр қабылдағандарын мәлімдеді.

Бұл оқиға – Аустралиядағы 40 жылдық ЭКО тарихындағы алғашқы жағдай.

Қателік 2025 жылдың ақпан айында анықталған. Биологиялық ата-аналар қалған эмбриондарын басқа клиникаға ауыстыруды сұрағанда, сақтау қоймасынан “артық” эмбрион табылған.

Ішкі тексеріс нәтижесінде, басқа бір эмбрионның қателесіп ерітіліп, басқа пациентке салынғаны анықталған.

Клиника орналасқан Квинсленд штатындағы заң бойынша, баланың заңды ата-аналары – оны дүниеге әкелген әйел мен оның серігі.

Алайда репродуктивті құқықтар жөніндегі адвокат Сара Джеффордтың айтуынша, мұндай жағдайларда әкелік құқықты даулау туралы сот тәжірибесі Аустралияда болмаған.

Дегенмен, генетикалық ата-аналар эмбрионды қолдануға рұқсат бермегенін алға тартып, мұны заң жүзінде даулауға болады.

Сарапшының айтуынша, баланың тағдыры ең алдымен оның мүддесін ескере отырып шешіледі.

Алайда бұл оқиғаның салдары барлық қатысушы тараптардың өміріне әсер етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар