Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі ұл, екі қызы бар Қайрат Нұртастың жары жетінші рет жүткі болды

13:37, 05 маусым 2025 1129

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігіне қатысты ұзақ жазбамен бөлісті, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, бұл оның бесінші емес, жетінші жүктілігі екен. 

«Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процессін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, сол сәтте сезбеу - заңдылық. Өйткені басыма біраз мәселе үйір болған кезең еді. Оған халық куә болды. Одан бөлек, көпшілік білмейтін жеке мәселелерім де тағы бар... Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей...Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы, өз уақытында, өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы соғып тұрған кішкентай ғана жүрекшем барлық түйіндерді шешіп жіберді деп айтсам, асылық айтқаным болмас. Өйткені өмірімде үлкен өзгерістер бастау алып, мен күтпеген, мүлдем ойламаған таңғажайып жайттар орындалды. Құдды бір киноның сценариі тәрізді», - деп жазды ол.

Актриса өзінің аяғы ауыр екенін алғашқы кездері мүлде сезбеген. 

«Бұл - Жаратқанның маған берген ең ғажайып сыйы. Бергенінен берері мол дегенді мен сонда ғана түсіндім. Адам мұқтаждығын өзгеден емес, Алладан сұраса, Алла оның абыройын асырып, жоқ нәрсесін түгелдеп қояды екен. Әрине, ниеті таза, жүрегі түзу болса, бәрі өз орнына, өз ретімен келеді екен», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ол өзін құттықтап жатқан көпшілікке шын жүрегімен алғыс айтты.

Бұған дейін актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жүкті кейпін көрсетіп, видео жариялаған еді.

Еске салсақ, қазір Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың екі қыз, екі ұлы бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар