Әзілкеш Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы ALASH.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Тосын сый сәтін әзілкеш өзі Instagram парақшасында жариялады.
Бейнежазбада оның жарының қобалжып тұрғанын байқауға болады.
«Әрдайым сен мені қуантушы едің, енді сені қуантар кез – менікі», – дейді ол видеода.
Күйеуіне ерекше сый ретінде Үлкен қажылық сапарын тарту еткен. Бұл тосын сый Жахан Отарғалиевті қатты тебірентіп, көңілін босатқан.
Желі қолданушылары бұл сыйлықты жоғары бағалап, түрлі пікір білдіруде. Алайда кейбірі алғашында басқа жаңалық күттік деп жазған.
«Аяғы ауыр деп ойлап қалған мен ғана ма», «Екі «полоска» күткендер біргеміз», “Тест беретін шығар деп едім”, «Мұндай сыйдан артық не керек?!», «Алла бәрімізді осындай сүйінші жаңалықпен қуантсын», – деп жазды олар.
Актердің өзі мұндай сыйлық күтпегенін айтқан.
”Мен күтпеген сыйлық. Аллаға шүкір. Тура 40 жасымда сол жақта боламын ғой”, — дейді ол.