Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Екі мәйітті мумиялап, екі жыл бойы үйінде сақтаған”: Майқайыңдағы сұмдық жағдай туралы тың дерек шықты

09:29, 07 сәуір 2026

Павлодар облысында Майқайың кентіндегі мумия мәйіттердің табылуына қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр. Атап айтқанда, "алаяқтық" және "қайтыс болғандардың мәйітін және олардың жерленген орнын қорлау" фактілері бойынша жүргізіліп жатыр, деп жазады Alash.kz.

КТК арнасының хабарлауынша, мәйіт табылған үйдегі егде жастағы әйел мен оның үлкен қызы арнайы психиатрия диспансеріне орналастырылып, сонда емделіп жатыр. Мумиялардың арасында өскен алты жасар қыз Екібастұз қаласындағы балаларға арналған мемлекеттік мекемеде.

Еске салсақ, сұмдық оқиға Майқайың кентінде биыл ақпан айында анықталған. Екі пәтерлі үйде бір отбасы тұрған. Бір бөлігінде әйел мен оның әкесі өлі күйінде табылса, екінші бөлігінде марқұм әйелдің қызы мен анасы болған. Марқұм әйел қатерлі ісікпен ауырған.

"Полиция ҚР ҚК 314 және 190-баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеуде анықталады. Қазір тергеу жүргізілуде, сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптамалары тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар