Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен

20:38, 20 ақпан 2025 297

Бұл туралы Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев айтты деп хабарлайды Alash.kz Qaz365.kz-қа сілтеме жасап .

Мәжіліс депутаты ресми деректерге сүйене отырып, былтырғы 1 қазанға қарай Қазақстан халқының 37,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрғылықты тұрғанын айтты.

"Жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бүгінде Қазақстанда 6208 ауыл бар, ал 2023 жылы олардың саны 6286 болған. Осылайша, бар болғаны екі жыл ішінде 80 ауыл жойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр қазақстандық ауылдардағы көші-қон сальдосы минус 111 400 адам болған", – деді Дайрабаев.

Депутаттың айтуынша, бұл – соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

"Алматы және Атырау облыстарын қоспағанда, барлық өңірде көші-қон сальдосы нөлден төмен болды. Әсіресе, Түркістан облысындағы жағдай алаңдаушылық тудырады, бұл өңірден 29,2 мың адам көшіп кеткен", – деді мәжілісмен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар