Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екеуі шетел асып кеткен". Зейнетақы қорынан 46 миллиард теңге жымқырды деп айыпталғанның бірі ұсталды

13:34, 16 қазан 2025 154

Зейнетақы қорынан "тіс емдеу" үшін 46 млрд теңге шешкен үш жігіттің біреуі ұсталды деп хабарланды. Ал тағы екеуі шетел асып кеткен, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

BAQ.KZ журналистердің қойған сауалына жауап берген ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің жауабын жариялады.

"Қаржы мониторингі агенттігі зейнетақы қорынан тіс емдеу үшін 46 млрд теңге шешіп алған үш жігітке іздеу жариялаған еді. Сол күдіктілер ұсталды ма? Әдетте ондайлар шетел асып кетіп жатады ғой. Халықаралық іздеу жариялана ма?" деп сұрады БАҚ өкілдері.

Иә, іздеудегі адамдардың бәрін ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір он бірден астам адам ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.

"Үш жігіт ұсталды ма?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.

Іздеу жарияланған үш күдіктінің біреуі ұсталды. Ол Қазақстан мен Ресей шекарасында қолға түсті. Қалған екеуі шетел асып кеткен, - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" (БЖЗҚ) заңсыз ақша шығару схемасына қатысы бар 5 қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

Стоматология арқылы зейнетақы қаражатынан 46 млрд теңге шығарғандарға іздеу жарияланған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар