Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Егемендіктің еңселі белгісі: Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

09:52, 04 маусым 2026

Бүгін, 4 маусым – еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Дәл осы күні егемен еліміздің айбынын асырған Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз ресми түрде бекітілген болатын.

Тарихқа көз жүгіртсек, тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары 1992 жылғы 4 маусымда дүниеге келді. Кейіннен, 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданып, бұл күн күнтізбеде ресми мереке ретінде бекітілді. Мемлекеттік рәміздер – ел егемендігі мен тәуелсіздігінің, бірлігі мен тұтастығының белгісі, ал оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Тәуелсіздік нышандарының тарихы мен авторлары

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Авторы: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Елтаңбадағы барлық бейнелер алтын түспен көмкерілген. Авторлары: Белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған туынды. Ол 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітіліп, алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар