Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Едәуір жеңілдетілді": Еліміздің бас педагогы ұстаздарды қуантатын жаңалығын бөлісті

19:51, 02 қыркүйек 2026

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім беру саласына енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

Жұлдыз Сүлейменова білім саласындағы басты жаңашылдықтарға тоқталды.

"Ең негізгісі - кітап оқитын зерделі ұлт қалыптастыру. Мемлекет басшысының міндетін орындау тұр. Сондықтан биыл біз бастауыш сыныптарда бір минутта тез оқу, оқыған дүниесін түсіну, түйсіну секілді методиканы қайтарып жатырмыз.

Оның айтуынша, биыл бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламалары қайта қаралды. Атап айтқанда, бірінші сыныптағы математика пәнінің бағдарламасы едәуір жеңілдетілді.

Биыл бастауыш сыныптың білім беру бағдарламалары толық қайта қаралды. Біз бірінші сыныптағы математиканы едәуір жеңілдеттік. Баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін көбейту секілді барлық қиын амалдарды басқа сыныптарға ауыстырдық. Бірінші сыныпта бала сандарды біліп, қосу мен азайту амалдарын толық меңгеруі қажет. Бұдан басқа біз бастауыштан БЖБ, ТЖБ-ны толық алып тастау мәселесін шешкен болатынбыз", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар