Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Динара Құлыбаеваның француз Альпісінде құны 15 миллиард теңге тұратын вилласы анықталды

11:41, 28 наурыз 2024 609

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның шетелдегі тағы бір құнды мүлкі анықталды.

​​"Выход к морю" арнасының деректеріне сүйенсек, Динара Құлыбаеваның француз Альпісінде құны 15 миллиард теңге тұратын үйі бар болып шыққан.

"Межев - Францияның оңтүстік-шығысындағы, Альпінің етегіндегі шағын қала, онда небәрі 3 мың адам тұрады. Бұл елдің ең танымал қысқы курорты саналады. Бұл жер Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры директорының бірінші орынбасары Светлана Мырзабекованың активтері туралы ақпараттардан белгілі. Оның бұл жерде құны 1,67 миллион еуро тұратын, яғни Esкape Residence кешенінде үш бөлмелі пәтері бар. Бұған жақын жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының директоры Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур иелік ететін Белрив қамалы орналасқан", - деп жазылған деректе.

"Выход к морю" мәліметінше, Бельрив сарайының тұрғындары қысқы спорт түрлерін жақсы көреді. Бұрынғы президент Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның Альпідегі резиденциясы да сол Межев қаласында орналасқан.

"2016 жылы Динара люксембургтік Regulus Holdings SA компаниясы арқылы "Алмэкс" отбасылық холдингінің бұрынғы топ-менеджері және SkyBridge Invest брокерлік компаниясының бұрынғы иесі Әділ Ескендіровпен бірге Францияда La Pomme D'or ("Алтын Алма") компаниясын құрды. Сонымен қатар, Ескендіров жаңадан құрылған компаниядағы 50 мың еуро жарғылық капиталдан тек 100 еуро үлес алды.

Компанияның құжаттарына сүйенсек, 2017 жылы Regulus Holdings SA өзінің иелігіндегі компания үшін жылдық 2 пайызбен 22 миллион еуро несие желісін ашты. Бұл ақшаны La Pomme D'or бірден Динара Құлыбаеваға арналған резиденцияны сатып алуға жұмсады", - деп жазды арна.

Сондай-ақ, деректе бұл үй Межевте Impasse des Pastoureaux, 171 мекен-жайында орналасқаны айтылады. Резиденцияға жергілікті стандарттар бойынша 64 cотық жер учаскесі, жабық бассейні бар негізгі үй және қосымша үй кіреді.

"Динара Құлыбаеваның резиденциясы айналадағы үйлерден айтарлықтай ерекшеленеді. Агрегаторлардың мәліметтері бойынша 2016 жылдан бері бұл аймақтағы жылжымайтын мүлік бағасы орта есеппен 40 пайызға өсті, сондықтан Динара Құлыбаеваның резиденциясының қазіргі бағасы қазір 30 миллион еуро (15 миллард теңгеге жуық) болуы мүмкін", - деп жазылған арна мәліметінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар