Әлемге әйгілі әнші, Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету үшін Құлсары қаласына келді. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.
Бір күн бұрын Димаш топан су басқан туған жері Ақтөбе облысына барып, жерлестерімен кездесіп, қолдау білдірген болатын.10 сәуір күні ол әкесі Қанатпен және бүкіл ұжымымен Жылыой ауданында болды.
«Бүгінгі жағдай бізді біріктіретін және нығайта түсетін сынақ», - деді Димаш.
Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесуге үлес қосты. Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 миллион теңге берді.