Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

Бұл туралы сахна саңлағы өзінің жеке парақшасында жазды деп хабарлайды Alash.KZ Ұлттық порталы.

«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 100 ден аса елінен 4 мыңнан астам спортшы келеді. Мереке аясында Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Димаш-Али» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана Аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар», – деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар