Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дұрыс атмосфера орнады”. Зеленский Трамппен Ватиканда өткен кездесу нәтижелі болғанын айтты

“Дұрыс атмосфера орнады”. Зеленский Трамппен Ватиканда өткен кездесу нәтижелі болғанын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен Ватиканда өткен кездесу нәтижелі болғанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы жазады.

“Президент Трамппен арадағы әңгімеміз — бұған дейінгілердің ішіндегі ең үздігі болды деп есептеймін. Мүмкін, ол ең қысқа кездесу болған шығар, бірақ ең мазмұндысы болды. Менің ойымша, тет-а-тет форматы (екеуара жүздесу) тиімді болды. Әңгіме барысында дұрыс атмосфера орнады”, — деді Украина президенті «Интерфакс-Украина» агенттігіне берген сұхбатында.

Естеріңізде сала кетейік, 26 сәуірде Зеленский мен Трамп Ватикандағы Әулие Петр Базиликасында Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімі алдында бетпе-бет кездескен. Кездесу шамамен 15 минутқа созылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар