Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дүкеннен алған түшпара жеген: Бүтін бір отбасы уланып, 2 бала қаза тапты

18:39, 14 маусым 2024 4597

СҚО-да бүтін бір отбасы тамақтан уланып қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Өкінішке қарай, 2 бала қайтыс болды. 

Қайғылы оқиға Қызылжар ауданының Надежка ауылында болған. Ол жерден 1996 жылы туған әйел және оның 2014, 2017, 2021 жылдары туған балалары Петропавл облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейін 2 бала – 3 жасар ұл және 6 жасар қыз қайтыс болды.

СҚО ПД баспасөз қызметі бұл дерек бойынша «Абайсызда адамдардың жаппай улануына және екі адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Отағасы содан бір күн бұрын үйіндегілердің ауылдағы дүкеннен сатып алған тұшпараны жеп, кола ішкенін айтты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар