Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дұғаны дұрыс тілеп жүрсіз бе?: Айнұр Тұрсынбаева береке сұраудың құпиясымен бөлісті

15:37, 22 ақпан 2025 420

Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева адамның өміріне қайыр мен береке кіргізудің жолын айтты, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеп. 

Айнұр Тұрсынбаева адам баласы әрдайым бір нәрсе сұрайтынын, бірақ дұғаның қалай жасалатыны маңызды екенін айтады.

«Бойдақ қыздар – күйеу, жас келіндер – бала, қиналып жүргендер – ақша, кәсіп іздегендер – бизнес сұрайды. Бірақ дұға жасаған кезде міндетті түрде екі маңызды сөзді қосу керек: қайырлы және берекелі», — деді ол.

Айтыскердің пікірінше, адам кез келген нәрсені «қайырлы және берекелі» деп сұраса, оның өміріне игілігі мол, берекесі тұрақты, жақсылыққа толы мүмкіндіктер келеді.

«Қайырлы және берекелі байлық бер, қайырлы және берекелі күйеу бер, қайырлы және берекелі болатын бала бер, қайырлы және берекелі қызмет бер. Қайырлы және берекелі деген сөзді өте өте көп айтатын болсаңыз үйге келген қонақ та, араласатын адамдарыңыз да, достарыңыз да, берекелі, қайырлы дүниелерді ұсынады. Яғни өміріңізде осындай береке кіретін болады!» – деді Тұрсынбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар