Фариза Төреәлі сіңлісі Дина Төреәлінің туған күніне орай су жаңа көлік сыйлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“22 жасым үлкен тосын сыймен басталды!Дұғаларымның бірі қабыл болып, бір арманым орындалған күн болды шүкір!
Бұл менің тізгінімдегі үшінші көлігім. Алғашқысын 16 жасымда ата-анам салоннан сыйлаған болатын. 18 жасымда ағам әппақ үлкен көлігін сыйлады.
Тұрмыс құрған кезімде өзімдегі дүниенің бәрін ата-анама өз еркіммен қалдырып кеткен болатынмын. Себебі дәл сол сәтте мен үшін дүниелік нәрселер маңызды болмады. Тұрмыс құрғаннан кейін 2 жыл өз қалауымды кейінге қалдырып осы бір үлкен арманымды іште сақтағанмын. Соңғы 1 айда Алладан күнде дұға етіп, өз адал еңбегіммен нәсіп етші деп тұрып қалауымды сұраған едім. Тіпті дәл осы сыйға алған көлікті 10 күн бұрын лексус центрге барып, ішін ашып отырып тұрып қатты қалағанмын. Аж мурашки…
Аллахым мейірімі шексіз осы арманымды, сұрағанымды әпкемнің жүрегіне салып қойыпты…
Сенің айтқан ақылдарыңның өзі әлемдегі бүкіл дүниеден де қымбат мен үшін. Бірақ мені қуантайын деген ниетің үшін Алла сенің де Даратайымның өміріне де мың еселеп жақсылықпен қайтарсын.
Осы посттың өзін жылап жазып отырмын. Түрлі сезім. Аллам осындай қамқор, жанашыр бауырларымды нәсіп еткеніне сансыз шүкір. Ата-анамыз бізге осындай тәрбие бергеніне рахмет!
@farizatoreali ты самая лучшая! ( не только сестра…)
Бір түсінгенім Алла маған: Өмірге еркелеп, барлығын сыйлыққа алып жүре берсейші дегендей.
Альхамдулиллях! Жұғысты болсын жандарым.
Мені қуантқан жомарт жандардың Аллам ризық-несібелерін 1000 есе көбейтсін”,- деп жазды Дина Төреәлі.