Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дуа жасады. Қара магиямен айналысты". Саясаттанушы кейбір шенеуніктердің бақсы-балгер жағалап, дуамен айналысатынын айтты

12:59, 05 сәуір 2024 812

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаевтың айтуынша, Қуандық Бишімбаевтың балгерлер туралы айтқаны қазақстандық шенеуніктердің қандай екенін көрсетіп береді.

Саясаттанушы Бишімбаевтың балгер туралы әңгімесі Оңтүстік Кореяның үшінші президенті Пак Кын Хе түрмеде болған кездегі оқиғаны еске түсіретінін жеткізді.

"Ол сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталды. Сонымен қатар, сыртқы және ішкі саясат туралы ақымақ шешімдерін көбіне көріпкелдермен, бақсылармен және балгерлермен кеңесіп қабылдағаны белгілі болды. Олардың бірі оның ең жақын досы да болған", - деп жазды Сәтбаев.

Осы істері үшін Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жылға бас бостандығынан айырылды және сыбайлас жемқорлық, парақорлық және бопсалау үшін 16,8 миллион доллар айыппұл төлеген. Ол басқа біреуді өлтірсе, 1997 жылдан бері қолданылмаса да, күші жойылмаған өлім жазасына кесілуі мүмкін еді.

"Бірақ Бишімбаев сияқты адамдар да елді басқаруға тырысты. Тұңғыш президенттің тұсында сол сияқтылар елдің кадрлық резервін жаңа саяси "элита" ретінде белсенді түрде пиар жасады.

Бюджет есебінен шетелде оқытты. Біреуіне лауазым берді, біреуіне медаль тақты. Ал олар кабинеттерінде өздерін Құдай санап отырды", - деді саясаттанушы.

Сонымен қатар, саясаттанушы мұндай типтегі адамдар біреулерге қажет болғанын, өйткені олар ар-ұятсыз, намыссыз екенін мәлімдеді. Яғни бір жағынан қарасаң, білімі бар секілді, бірақ адами құндылықтары жоқ.

"Шамасы, құралдары жақсы болды. Дуа жасады. Қара магиямен айналысты. Көріпкелдердің тізімін жасады. Тағы қанша адам дипломдарымен және жалған интеллектуалды тұлғалармен осылай шенеунік кабинеттерінің тасасында қалып қойды? Бірақ олардың жүректері таза емес.

...Кейбіреулері әлеуметтік жағынан төмен кез келген адамды қорлауға және балағаттауға дайын. Фаина Раневская айтпақшы, кейбіреулері өзін момақан және әдепті адам сияқты көрсетеді, сол тұста іштей жек көріп тұрады", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың сотында бірнеше рет балгерлер тақырыбы көтерілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар