Жамбыл облысында Құлан ауылының маңында орын алған жол-көлік оқиғасынан кейін ауыр жарақат алып, комаға түскен 36 жастағы Нұржігіт есін жиып, емдеу курсынан өтіп, Тараз қаласындағы ауруханадан үйіне шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұған дейін Мәжілістің экс-депутаты Бақытжан Базарбек тізгіндеген көлікпен соқтығысып, өмір үшін күрескен үш баланың әкесі 31 күн бойы емханада ем қабылдаған болатын. Құрылтайдың бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында Нұржігіттің жағдайы түзелгенін хабарлады.
«Нұржігіт соңғы 3 күн бойы емханадан шығуға асығып отырған. Міне, 31 күні емханадан аман-сау шығып отыр», — деп жазды Бақытжан Базарбек.
Ауруханадан шығару сәтінде ақ халатты абзал жандар да зардап шегушінің аяққа тұрып кеткеніне қуаныш білдірді.
Емханадан алып-шығып келе жатып, «Ду-қол шапалақ қайда?», – деді дәрігер.
Оқиғадан кейін емдеу процесіне белсене араласып, қолдау көрсеткен экс-депутаттың әрекетін дәрігерлер де жоғары бағалады.
«Бақытжан Базарбек, сенің туған ағаңдай болды», — деді сөз сөйлеген дәрігерлердің бірі Нұржігітке қарап.
Қазіргі уақытта аман-есен есін жиған үш баланың әкесі Тараз қаласындағы емдеу мекемесінен шығып, өз отбасына аман-есен оралды.