Белгілі әнші Айгүл Иманбаева 2025 жылды қорытындылап, өміріндегі өзгерістерге тоқталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«2025 жылды көпшілік маска шешілетін, тазару жылы деп жатыр. Мен де соған келісемін. Өйткені өз басымнан иттіктің, сатқындықтың көкесін өткізіп жатырмын. Осы жылдың біткенін күн санап күтіп отырмын. 2025 жылға аман-есен жетсек екен деймін. Достан да, шәкірттен де иттік көрдім. Тіпті 25–35 жыл бірге жүрген достарымнан да сатқындық демей-ақ қояйыншы… Иттік көрдім. Сондықтан қуану керек. Бәрі осы жылмен бірге кетсін деп тілеймін.
Әрине, өз-өзіме есеп беріп, қай жерде қателік жібергенімді ойландым. Мен өмірімде ешкімнің ала жібін аттамаған адаммын. Тілімнен, ниетімнен, ойымнан, амалымнан қателік кетті ме деп өз-өзіме есеп бердім. Бұл жыл мен үшін нағыз сынақ жылы болып жатыр. Осымен кетсін дегім келеді. Енді жаңа жыл жақсылығымен келсе екен деймін.
Мүмкін, бұл да бір — үлкен бір белестке өту үшін Алла тағала қасындағы деңгейі жетпейтін, өресі жетпейтін адамдардан тазартқаны болар… Сондай кезде даму үстінде жүрген креативті көзқарасы бар ортада болу керек екен. Сондықтар қуаныңыздар. Егер сіз үшін де бұл жыл тазару немесе беташар жылы болса, оған да қуанған дұрыс. Жаңа жыл құтты болсын!» — деді Айгүл Иманбаева.
Өнер иесі видеоның астына да ойлы жазба қалдырған.
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтапАбай Құнанбайұлы
«Уақыт бәрін өз орнына қояды дейді ғой… Биыл бәрі өз орнын тапқандай. Кейбірі алыстады, кейбірі жақындады. Ал шынайылары ғана қасымда қалды. Ал сіздерде жыл соңындағы өзгерістер қалай өтті?» — деп жазды ол.