Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев кетпестен бұрын маңызды құжатқа қол қойған, деп хабарлайды ALASH.KZ Ertenmedia сайтына сілтеме жасап.
Құжат №2/262-755 қаулымен ресми бекітілген.
Атап айтқанда, Досаев «Atakent Asia Development» ЖШС-не тиесілі Тимирязев көшесі, 42/23 мекенжайындағы 1,46 гектар жер телімін мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарған.
Бұл бастама Алматы қалалық Мәдениет басқармасынан түскен ресми хат негізінде көтерілген.
Жоспар бойынша, бұл жерде жаңа көрме залы салынуы тиіс. Құжатта жер иесіне өтемақы төленетіні және жер 2027 жылдың соңына дейін қайтарылуы тиіс екені көрсетілген. Кейін аумақ Мәдениет басқармасының балансына беріледі.
Еске салайық, Ерболат Досаев 24 мамырда Алматы әкімі қызметінен босатылып, орнына Дархан Сатыбалды тағайындалды.
Осылайша, Досаев әкім ретінде қол қойған соңғы маңызды құжаттың бірі Атакент маңындағы жерді қайтару туралы шешім болып отыр.