Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Допинг дауы! Маңызды: Жәнібек Әлімханұлына қатысты Халықаралық Бокс ұйымы шешім қабылдады

14:08, 24 желтоқсан 2025

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы төңірегіндегі допинг дауына қарамастан, Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде өз салмақ дәрежесінің көшбасшысы ретінде қалып, деп хабарлайды Alash.kz 1Bol.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спорттық басылымдардың мәліметінше, ресми тергеу жүріп жатқанына қарамастан, ұйым Әлімханұлының чемпиондық атағын әзірге өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдаған.

Дегенмен, қазақстандық боксшының жағдайы тұрақсыз болып қалуда. Бұған себеп - 6 желтоқсанда өтуі тиіс болған маңызды жекпе-жек қарсаңында оның допинг сынамасынан тыйым салынған заттардың табылуы. Осы оқиғадан кейін бірқатар халықаралық өзгерістер орын алды:

• The Ring рейтингі: Беделді басылым Әлімханұлының беделіне нұқсан келгенін негізге ала отырып, оны орта салмақ дәрежесіндегі үздіктер тізімінен толықтай шығарып тастады.

• WBO ұстанымы: Ұйым допинг сынамасының оң нәтиже көрсеткенін ресми растап, қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

• Негізгі үміткерлер: Әлімханұлының титулына негізгі үміткерлер ретінде британдық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес бекітілді.

Тергеу қорытындысы бойынша Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық белбеуінен айырылу немесе белгілі бір мерзімге спорттан шеттетілу қаупі бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар