-Осымен бесінші жыл қатарынан елімізде Домбыра күні атап өтілуде. Онымен тұспа тұс облысымызда тұңғыш рет домбыра жасушылардың фестивалін өткізуді қолға алдық. Қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Б.Нарымбетов.
Мерекелік шара Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісова ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым етумен басталады, сонымен қатар әнші Ғарифолла Құрманғалиевтың, ақын Қадыр Мырза Әлінің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.
Өңірімізде алғашқы рет өткізілге фестивальге келер болсақ, оған жергілікті 10 домбыра жасау шеберлері қатысып, өз туындыларын ұсынды. Олар алдын-ала жасайтын домбыраны анықтап, сырт пішіні мен үні, безендірілуі түпнұсқа жәдігермен сәйкес болуы үшін үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізді.
Фестиваль қорытындысында:
ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының домбырасын жасаған домбыра шебері Едіге Набиев («Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Үкілі домбыра» республикалық байқауының жеңімпазы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры»);
Дина Нұрпейісованың домбырасын жасаған домбыра шебері Медет Төлегенов (Теректі ауданы Подстепной ауылы №1 ЖББОМ «көркем еңбек» пәнінің оқытушысы, ағаш ұстасы);
Махамбет Өтемісұлының домбырасын жасаған домбыра шебері Дина Құспанова (Қазақ ұлттық аспаптарын жасауының шебері);
Сейтек Оразалыұлының домбырасын жасаған домбыра шебері Жанпейіл Сейтақ («Аңыз домбыра» республикалық байқауларының белсенді қатысушысы, «Алтын домбыра» жеке кәсіпкері);
Қали Жантілеуовтің домбырасын жасаған домбыра шебері Абзал Хамитов (М.Өтемісов атындағы БҚУ шеберханасының қазақ ұлттық аспаптарын жасаушы шебері);
Оқап Қабиғожинның домбырасын жасаған домбыра шебері Бейбітәлі Досқалиев (М.Өтемісов атындағы БҚУ шеберханасының қазақ ұлттық аспаптарын жасаушы шебері);
Ғарифолла Құрманғалиевтың домбырасын жасаған домбыра шебері Аслан Серікбаев (халықаралық «Шабыт» фестивалі, «Үкілі домбыра» республикалық байқауларының жеңімпазы, Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік өнер» бөлімінің оқытушысы);
Есел Қазиевтің домбырасын жасаған домбыра шебері Досжан Бижанов (Ақжайық ауданы балалар шығармашылығы орталығы «Ағашты көркемдеп өңдеу» үйірмесінің жетекшісі);
Сабыр Мұқатовтың /тесік тамақ/ домбырасын жасаған домбыра шебері Тілек Мауленов (Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 ЖББОМ «Көркем еңбек» пәнінің оқытушысы);
Ерғали Есжановтың домбырасын жасаған домбыра шебері Сансызбай Ахметов (І «Үкілі домбыра» аймақтық байқауының жеңімпазы, «Аңыз домбыра» республикалық байқауларының белсенді қатысушысы) облыс әкімінің алғыс хаты мен қаржылай сыйақысына ие болды.
Айта кететін жайт, 2024 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығының құрылғанына 80 жыл толуына орай арнайы музей ашу жоспарлануда.