Алматыда колледж түлегі әлеуметтік желіге дипломын жыртып жатқандай көрінетін видео жариялап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Alash.kz.
Полицияның мәліметінше, тексеру барысында видеода жыртылған құжаттың дипломның өзі емес, алдын ала дайындалған көшірме мұқабасы екені анықталған. Ал дипломның түпнұсқасы, қосымшасы және оқу орны берген ресми мұқабасы бүлінбеген.
Соған қарамастан, бейнежазба әлеуметтік желіде кең тарап, қоғамда қызу талқыланды.
Осыған байланысты видео авторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Дипломын жыртқандай видео түсірген түлек жауапқа тартылды
скрин видео
Соңғы жаңалықтар
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026