Тергеу барысында 44 жастағы әйел диплом алуға көмектесемін деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның 600 мың теңге қаражатын иемденгені анықталды. Алайда уәде етілген құжат берілмеген.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.