Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Діннен тазарту керек. Спортсмендерде рух жоқ". Бас бапкер сынға қалды, өзі де "Токио" межесіне жетпей қалғанын мойындады

10:14, 03 тамыз 2024 2619

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасындағы ширек финал жекпе-жектерін қорытындылап, "жігіттердің қолдан келгеннің бәрін жасағанын" хабарлады, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы Olympic.kz-ке сілтеп.  

"Жігіттер қолдан келгеннің бәрін істеді, аянып қалмады. Бірақ кімнің қолын көтерді, сол жеңімпаз болып қалады.

Өкініштісі сол, Париж Олимпиадасы ең нашар ойын болып тұр біздің боксшыларға. Токиода екі қола болсақ, қазір оған да жете алмай қалдық.

Бибосынов пен Досматовтың кездесуіне келер болсақ, менің ойымша, Сәкен жеңді. Бірінші және екінші раундты Сәкенге беруге болады. Ал үшінші раундта 3:2 есебіне біз де, қарсылас та лайық болдық.

Енді біз қолдан келгенше аянбадық. Қалғанын ринг көрсетті", - дейді Айтжанов. 

Қазақ боксшыларының амал-әрекеті, ұлттық спорттың жағдайы әлеуметтік желі алаңында қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының басым бөлісі ұлттық спортты жігер мен рухсыздық жайлағанын айтып, қапа болуда: 

 

"Дайындай алмадым, әкелген боксышыларым нашар болды десең дұрыс-ау. Біреуден көретін нәрсе емес, шынымен біздің боксшылар бір раундтық қана екен. Ұят";

"Қазақтар жаман ойнап жатқан жоқ, шынымен әділетсіздік көзге бақырайып көрініп тұр. Жаңа өзбекпен шыққан Сәкен таза жеңіп тұр ғой, өзбекті ескі чемпион деді ме, таза бұрып тұр ғой. Алдында шыққан боксшы Мұхаммедсабыр олда таза жеңген болатын әділетсіздік болып жатыр төрешілер тарапынан ұяты жоқ, ұятсыздар. Қазақстан бокстан Держава болған соны құрту керек болып тұр ғой";

"Мықты спортшыларды аяқтан шалып кіргізбейді ғой, салафиттер жайлап алған, спортшылардың денін жат ағымда, намазхан қылып жіберген. Нағыз тренировка кезінде ораза ұстап, әлсіреп қалған. Жеңілсе Аллаға ысыра салады,қалауы сол болды деп";

"Діннен тазарту керек спортты. Рух жоқ спортсмендерде" деп жазды оқырмандар. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар