Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева 92 жасқа қараған шағында өмірден озды

14:39, 16 қаңтар 2026

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, көрнекті ғалым-биолог Рауза Қонаева 92 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Бұл туралы қаралы хабарды Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қор жариялады. Рауза Меңліахмедқызы 1934 жылы Алматы облысының Шелек ауылында туған. Қонаевтар отбасының он бірінші, кенже қызы. 

Ғалым Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алып, еңбек жолының басым бөлігін Қазақстанның Ғылым академиясы жүйесіндегі биохимия және молекулалық биология институттарына арнаған. Ғалымның зерттеулері мен ғылыми жұмыстары халықаралық деңгейде танылып, шетелдік ғылыми ортада да жоғары бағаланған.

Рауза Қонаева белгілі құқық танушы Мұрат Баймахановпен отбасын құрған. Олардың қызы Дана Баймаханова бүгінде заң ғылымдарының докторы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры қызметін атқарады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар