Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Димашпын немесе Димаш емеспін": бетперделі жігіт шындықты айтты

16:34, 06 қыркүйек 2024 1072

Мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген белсенді, "Человек в маске" қорының өкілі Halyq Uni тілшісіне сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Қара бетперде таққан жігіт көпшілік жиі қоятын сұрақтарға жауап беріп, қайырымдылық жасаумен айналысуға не түрткі болғанын айтты.

Оның айтуынша, қара бетперде мен көзілдірік тағып, мұқтаж жандарға көмектесу туралы ой осыдан төрт жыл бұрын пайда болыпты. 2020 жылы жігіттің әкесі инсульт алып, өмірінде үлкен өзгеріс орын алыпты.

"Халық арасынан шыққан батырлар туралы оқиғаларды жақсы көремін. Қаһармандар туралы фильмдер, мультфильмдерді көріп өстім және бала кезден солар сияқты болғым келді. 2020 жылы әкем инсульт алып, дәрігерлер денсаулығы нашарлай беретінін айтты. Сол сәтте өзімді дәрменсіз сезініп, Алладан көмек сұрай бастадым. Қайырымдылық жасау осылай басталды. Бұл мен үшін бетбұрыс болды. Әкемнің денсаулығы түзелді. Жүру, сөйлеу, жазу - бәрін басынан бастадық. 5 жыл ішінде өзімді іздедім, түрлі салада жұмыс істедім. Қолымда мүмкіндік болса, немен айналысар едім деген сұрақ қойдым. Бұл сұрақтың жауабы - спорт пен қайырымдылық болды", - дейді ол.

Көпшілік маска таққан жігіт Димаш Құдайберген болуы мүмкін деп жиі жазып жатады. Дауысы мен сырт келбетін де ұқсатады. Сұхбат кезінде бұл туралы да сұрапты. Қара бетперде таққан жігіт бұл сұраққа:

"Димашпын немесе Димаш емеспін деп нақты ештеңе айта алмаймын", - деп қана жауап берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар