Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Димаш үшін қазақ тілін үйреніп, атын ауыстырған америкалық қыз жұртты сүйіндірді (ВИДЕО)

13:34, 11 желтоқсан 2025

Атлантадан шыққан 18 жастағы Кэмерон Фарр, қазақша есімі Айбала Құдайбергенқызы, бірнеше жыл бойы қазақ тілін өздігінен меңгеріп, әлеуметтік желіде ұлттық мәдениетті насихаттап жүрген танымал жас.

Жас америкалық 17 тілді жетік біледі. Алайда оның айтуынша, қазақ тілі – ерекше ықыласпен үйренген тілдерінің бірі. Айбала 14 жасында Қазақстан туралы кітап оқып, ел тарихы мен мәдениетіне қызығушылығы оянғаннан кейін YouTube видеолары мен онлайн платформалар арқылы қазақша үйрене бастаған.

Қазақ есімін таңдауы да символикалық. Ол Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына ұзақ жылдардан бері тәнті екенін айтады. Тіпті өзінің қазақша есімін де сүйікті әншісінің құрметіне таңдаған.

Айбала болашақта Қазақстанға келіп, бірнеше ай өмір сүріп көруді жоспарлап жүр. Қазақ музыкасына айрықша қызығады: Димаш, Мирас Жүгінісов, Kalifarniya, Бүркіт, 2Rar, сондай-ақ Мұхтар Ханзаданың «Шаршама» әнін ерекше сүйіп тыңдайды.

Айбаланың қазақ тіліне деген құштарлығы мен ұлттық мәдениетке қызығушылығы — Қазақстанның халықаралық мәдени ықпалы артып келе жатқанын көрсететін мысалдардың бірі. Бұл бағытты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бірнеше рет атап өтіп, еліміздің мәдени брендін әлемге таныту маңызды екенін айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар