Елордада "Халықтың сүйіктісі — 2024" ұлттық сыйлығының марапаттары табысталды. Димаш Құдайберген бұл марапатты төртінші рет иеленіп отыр, деп жазады Alash.KZ.
Салтанатты кеш барысында әнші халыққа алғысын білдірді:
"Халқыма, қымбатты жерлестеріме менің шығармашылығыма ерекше ден қойып, құрметпен қарағаны үшін үлкен ризашылығымды білдіріп, алғысымды айтамын. Көп рақмет, достар!
Бүгін "Халықтың сүйіктісі" сыйлығын алған барлық үміткерді құттықтаймын. Баршаңызға амандық пен береке тілеймін. Біздің бастамаларымызға қолдау танытқан әрбіріңізге мол табыстар тілеймін", — деді Д. Құдайберген.
Әнші 2023 жылы "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинациямен марапатталған болатын.