Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Деструктивті ағымға қарсы түсіндіру шарасы жүргізілді

02:03, 25 шілде 2023 227
Шығыс Қазақстан облысының терроризмге қарсы комиссиясы қоғамда деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу бойынша түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді. Бұл туралы Шығыс «Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ағымдағы жылдың маусым және шілде айларында «Шығыс Қазақстан облысының дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ 884 адамды қамти отырып 13 профилактикалық іс-шара өткізілді.

Түсіндіру жұмыстары жеке сауда ұйымдарының қызметкерлерімен және басшылығымен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен жүргізілді.

Дәріскерлер деструктивті діни ағымдардың белгілері мен мемлекеттің зайырлы құрылымының құндылықтары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде рухани білім алу кезінде деструктивті идеологияның әсер ету қаупі туралы тыңдаушыларға жеткізді.

Сонымен қатар, қатысушыларға тыйым салынған діни материалдарды таратқаны үшін жауапкершілікке тарту туралы жеткізілді.

Мұндай іс-шаралар діни сауаттылықты арттыруға және халықтың деструктивті идеологияларына иммунитетті қалыптастыруға ықпал ететіні» жазылған баспасөз хабарламасында.

Қуан Қазақ

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар