Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат Ұлттық рәмізтану орталығын құру керектігін айтты

08:39, 14 ақпан 2024 235
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға Ұлттық рәмізтану орталығын құру туралы депутаттық сауал жолдады.

Депутат өз мәлімдемесінде, рәміздерді құқықтық тұрғыдан қорғау мақсатында бірнеше ұсыныс айтты:

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмасынан нәтиже шығарып, аймақтар мен қалалардың таңбасын әлемдік стандарттар негізінде бірыңғай үлгіге икемдеп әзірлеу және бекіту тәртібін ретке келтірген жөн.

2. Қазіргі Геральдикалық зерттеу орталығының атауын "Ұлттық рәмізтану орталығы" деп өзгерту мәселесі қарастырылсын.

3. Рәміздерді ғылыми тұрғыда зерттеп, жүйелеу ісіне рәмізтанушылармен қатар, тарих, археология, этнография салаларының мамандарын да кеңінен тарту қажет.

4. Мемлекеттік рәміздер арқылы қоғамда патриоттық сезімді орнықтыру үшін балабақшадан бастап, мектеп, колледж, ЖОО-да рәмізтану бойынша арнаулы тәрбиелік іс-шаралар жоспарлы түрде жүйелі өтуге тиіс.

5. Мемлекеттік рәміздердің элементтерін, мемлекеттік наградалардың және атақтардың атауын қайталайтын әрекеттерге құқықтық тосқауыл қою керек.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік рәміздер бейнелеген жалған атақтар мен құнсыз медальдар қатпап кеткенін айтты.
Сіз 50 мың теңгеге пысықай ұйымның атынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" медаліне, ал 100 мың теңгеге "Қазақстанның құрметті азаматы" атағына ие боласыз. Сан ғасырлық елдік тарихымызда "Ұлт ұстазы" деп халық ұсынған сәулелі сөзді қастерлеп Ахмет Байтұрсынұлына ғана қолданатын едік, қазір "Ұлт ұстазы" деген атақты бар болғаны 10 мың теңгеге сатып ала саласыз. Академик дегенде көз алдымызға Қаныш Сәтбаев секілді ғұлама ғалымдар елестеуші еді, қазір 200 мың теңге беріп, қаптаған түсініксіз академиялардың жалған академигі бола саласыз. Міне, асылдың – жасыққа, құндының - құнсызға, қымбаттың - арзанға, мөлдірдің - батпаққа айналуының нақты көрінісі", - деді Аманжол Әлтай.

Фото: turkystan.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар