Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат Ринат Зайыттың анасы Роза Сүлейменова дүниеден өтті

11:00, 02 желтоқсан 2025 198

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыттың анасы Роза Сүлейменова өмірден өтті. Қаралы хабарды депутат Мақсат Толықбай желідегі парақшасында мәлім етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы мен жерлеу рәсімі Семей қаласында өтетінін айта кетейін (сұрап жатқан жұрт үшін)", – деп жазды Мақсат Толықбай.

Мәліметке сәйкес, еске алу рәсімі 2 желтоқсанда сағат 18:00-де Семей қаласындағы «Хан Тәңірі» мейрамханасында, Нұрбаева көшесі 31 мекенжайында өтеді. Қоштасу дұғасы мен жерлеу 3 желтоқсанда сағат 10:00-де Абай атындағы мешітте болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар