Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат Асхат Аймағамбетов таксист жігітпен әңгімелескен соң қандай проблеманы мәжілісте көтерді?

11:43, 14 қазан 2024 760

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында еңбек нарығындағы кадр тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

"Жуырда таксиде келе жатып, әдеттегідей жүргізушімен әңгімелесіп кеттік. Оның аты Сержан екен, өте ақкөңіл адам. Осының алдында инженер-гидролог болып жұмыс істеген екен. Ол үлкен мақтанышпен, терең біліммен өз мамандығы, су ресурстарын басқару туралы майын тамызып әңгімені бастап кетті. Менің сұрақ қоятынымды түсінді ме, тоқталып, бір кішігірім өкінішпен "енді түсінесіз ғой менің отбасым бар, мойнымда несиелер бар дегендей, өз мамандығымды қаншалықты жақсы көрсем де, инженер-гидрологтың жалақысымен алысқа бара алмайсың" деп ақталуға тырысты. Бұл оқиға бір адамның ғана басынан өткен жағдай емес, бұл біздегі еңбек нарығындағы түйткілді мәселелердің көрінісі деп айтар едім. Менің ойымша, осында отырған әрбір депутат осы сияқты талай бір мысалдарды айтып бере алады. Неге осындай білікті мамандар өз мамандығы бойынша жұмыс істемей жүр? Еңбек нарығындағы дисбаланстың себебі неде? Неге мамандар жеткіліксіз?", - деді мәжілісмен.

Депутат гранттарды игеру кезіндегі бірқатар мәселелерді атап өтті.

"Біз мамандар жетіспейді дейміз. Бірақ гранттарды игеру кезінде мынадай жайт орын алып жатыр. Мысалы, "Гидромелиорация" мамандығына бөлінген гранттарға бірде-бір адам өтініш бермеген, яғни конкурс нөлдік санақты құрады. Көлік құрылыстары бойынша бөлінген 300  гранттың тек 29 адам қабылданды, яғни бір грантқа 0,1 адамнан келіп отыр. Бұл мысалдар кадр тапшылығы күрделі мәселе екенін айқын көрсетеді. Проблема тек грант санында әлде оның дұрыс бөлінбеуінде ғана емес, тіпті оларды дайындайтын колледждер мен университеттердің болмауында немесе оқу сапасында емес екені барлығымызға анық деп ойлаймын", - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар