Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Денсаулық сыр берді, басқа түскен іс балаларыма ауыр батып жүр". Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды

09:53, 02 ақпан 2025 213

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарып, басынан өткен қиындықтарды айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

"Мен үшін 2024 жыл сынаққа толы болды. Сотқа жүгініп, құқық қорғау мемлекеттік мекемелерінің табалдырығын тоздырдым. Сол аралықта денсаулық сыр беріп, жұмыс жайында қалды. Барынша инстаграмда білдірмеуге тырыстым. Алайда, бұл менің басыма түскен оқиға басқаларға сабақ бола ма деген ой да келеді.

Басқа түскен бұл іс балаларыма ауыр батып жүргені жанымды қинайды. Кімнен нені жасырайын? "Жалғыздың үні шықпас" демей ме? Сотқа танысым да, тамырым да араласқан емес. Бәлкім қателігім де осы тұста болды ма кім білген? Не де болса оқиғаны толық баяндап жазып отырайын деген ой келді", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар