Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Денесі үй маңынан табылды: Танымал блогер қыз өз-өзіне қол жұмсады

12:00, 06 мамыр 2025 1347

Үндістанда блогер қыз әлеуметтік желілердегі танымалдығының төмендеуіне байланысты өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

24 жастағы Миша Агравал 25 жасқа толған туған күніне дейін Instagram желісінде 1 миллион жазылушы жинауды армандаған. Алайда күткен өсімнің орнына оқырмандар азая бастады, мазасыз ойлар көбейіп, ақыры қайғылы жағдаймен аяқталды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қыз контентіне деген қызығушылықтың төмендеуін ауыр қабылдаған.

Күн сайын оның парақшасына кіретіндер саны азайып, сонымен бірге өз-өзіне сенімі де жоғала бастаған. 

Негізгі табыс көзінен айырылып қалудан қорқып, Миша тұйықталып, терең депрессияға түскен.

Туыстары әлеуметтік желілердің оның психикалық жағдайына қалай әсер ете бастағанын бірден аңғармаған.

Кейінірек олар қыздарынан келген ескертуші белгілерге мән бермегенін мойындады.

Қыздың денесі үйінің терезесінің астынан табылды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар