Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Денесі дәретханадан табылды”. Назарбаев университетінің жатақханасында көз жұмған қызға қатысты тың дерек шықты

13:37, 27 маусым 2025 1292

Астана қаласындағы Назарбаев университетінде студент қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның денесі жатақхананың дәретханасынан табылған.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, аталған оқиға бойынша «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар жұмыс істеуде. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілмек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар