Париж олимпиадасында күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраев үкімет беретін сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
“Әлі мемлекеттің беретін сыйақысын алған жоқпыз. Алдымен сыйақыны алайық, сосын көре жатармыз. Бұл отбасымыздың қорына, бюджетіне түсетін ақша болмақ. Сондықтан отбасымызбен ойланып, көре жатамыз. Қажетті орындарға жұмсаймыз”,– деді Демеу.
Естеріңізде болса, Демеу Жадыраев Париж олимпиадасында 77 келі салмақта алтын жүлде үшін ақтық сында бақ сынасып, жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп қалған еді.