Алматының қақ төріндегі үлкен жарнама экрандарында қоғамның талқысына түскен "Тоқал мен бәйбіше" жазбасы жұрттың ашуын келтірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Жарнамада "Тоқалға чемодан ал, кейін бәйбішеге билет тегін" деген мәдениетсіз тілмен жазылған мәтін көптің ызасына тиді.
Бұл туралы "НеМолчиКз" парақшасы жариялады. Олар бұны есерсоқтыққа балап, халықтан өз ойларын сұрады.
"Ақымақ адамдардың ойлап тапқан жарнамасы", "Жазалау керек",-деп жарыса жазып жатты жұрт.