Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова декреттік демалысын аяқтағанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі жуырда қызы Рабия-Сұлтанды қырқынан шығарған болатын.
“Декреттік демалыс бітті. Жүктілік басталған сәттен, барынша көзден тасаланып, жұмысты жинап қойып, назарым тек өз күйімде болғанын қаладым. Шүкір, Алланың қалауымен бәрі де ретімен, сәтімен, өзім жоспарлағандай өтті. Енді екеуміз де қырқымыздан шығып, буынымыз қатып, бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Мен Рабия Сұлтанға қыдыруға, ол маған жұмысқа оралуыма рұқсат бердік. Демек, ресми жұмысқа кірістім деп айта аламын. Иә, жүктіліктің басында бұл қалай болады екен деп, абдырағанымыз рас. Әсіресе балалар түрлі эмоциямен қабылдаған еді. Жылады, күлді, ашуланды, көздері бақырайып үнсіз тұрды”, – деп жазды актриса.