Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дауысы ерекше… Кішкентай Заттыбек!” - Заттыбек Көпбосынұлы бата берген бүлдіршін елді тәнті етті (ВИДЕО)

15:55, 12 қараша 2025 133

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы Республикалық ән байқауларының жеңімпазы, жас талант Дінмұхамедке батасын берді, деп жазады Alash.kz.

Ерекше харизмасмен  әлеуметтік желіде танымал болған Алматылық бүлдіршін ән өнерінің арқасында Қазақстан Ұлттық арнасының “Таңшолпан” бағдарламасына сұхбат беріп те үлгерген.

 

Заттыбек Көпбосынұлынан бата алған Димаш бұған дейін Еркін Нұржанов, Жандос Қаржаубай сынды эстрада жұлдыздарының алдында өз өнерін көрсеткен.

Желі қолданушылары бала Димашқа жылы лебізін білдіріп, ақ тілектерін жаудырып жатыр:

Дауысыңнан айналдым! Өнерің өссін!

Өскенде Заттыбек көкем бол!

Дауысы керемет, анық екен! Жарайсың, ботақан!

Заттыбек ағаның өзіне ұқсайды екен! Бата қабыл болсын!

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар