Дәулет Тұрлыханов басқаратын Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың үздік федерациясы атанды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында халықаралық ареналарда Қазақстанның намысын қорғап, ел абыройын асқақтатқан спортшылар мен бапкерлердің жетістіктері жоғары бағаланды.
Марапаттау рәсімінде Дәулет Тұрлыханов басқаратын Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы атанды.