Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәулет Мұқаев «Ұлттық киім» күнін бекітуді ұсынды

09:42, 21 ақпан 2024 388
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев елімізде «Ұлттық киім» күнін бекітуді ұсынды.

Ол алдағы уақытта ұлттық нақыштағы киім кию дәстүрін тек Наурызбен, акциялармен ғана шектемей, оны трендке айналдыру қажеттігін айтты.
«Ұлттық киім мәдени майданның негізгі қаруы, халық санасына әсер етуші күш екенін ескерсек бұл мәселеге үстіртін қарауға болмайды. Мәселен, бауырлас қырғыз халқы бастарынан айыр қалпағын тастамайды. Соған қарап-ақ, оны қырғыз екенін жазбай танисың. Тіпті Жоғарғы Кенештің өзінде депутаттары айыр қалпақтарын киіп отырады. Ол қала берді ұлттық киімдерін сақтау мақсатында, 5 наурызды – Айыр қалпақ күні деп мемлекеттік деңгейде бекітіп, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізген. Бұндай күн тек Қырғызстанда ғана емес әлемнің Бразилия, Испания, Шотландия, Жапония сынды алпауыт елдерінде бар.  Көршілес өзбек халқы да ала тақиясы мен шапанын күнделікті киеді. Сол секілді шешен халқы да елтірі бөрігімен ерекшеленеді. Біз де өз ұлттық киімімізді өзіміз киюді сәнге айналдырмасақ, біртіндеп оларды басқалар иемденіп кетуі мүмкін. Соңында шапанымыздан айрылып, қамшымызды ғана ұстап қалмайық», – деді депутат өз сауалында.

Сөзінің соңында ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында республикалық деңгейде «Ұлттық киім» күнін бекітуді ұсынды.

Фото: t.me/mazhilis_kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар