Алматының «Қайрат» клубының жас форварды Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол авторларының үштігіне кірді. Бұл туралы Alash.KZ хабарлайды.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі бесінші турда «Қайрат» сырт алаңда Данияның «Копенгагеніне» қарсы ойнап, 2:3 есебімен жеңілді. Дегенмен 81-минутта Дастан Сәтпаев салған гол қазақстандық футбол үшін тарихи оқиға болды.
Матч өткен күні шабуылшының жасы — 17 жас 110 күн. Осы нәтижемен ол Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас футболшылардың үшінші сатысына көтерілді.
Чемпиондар лигасындағы ең жас гол соққандар рейтингінің жаңартылған тізімі:
-
Ансу Фати («Барселона»)
– 17 жас 40 күн
– 2019 жылы «Интер» қақпасына -
Ламин Ямал («Барселона»)
– 17 жас 68 күн
– 2024 жылы «Монако» қақпасына -
Дастан Сәтпаев («Қайрат»)
– 17 жас 110 күн
– 2025 жылы «Копенгаген» қақпасына
Бұған дейін үшінші орында «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихена (17 жас 119 күн) тұрған еді. Сәтпаев бұл жетістікті жаңартып, тарихи үштікке енді.
Тарихтағы алғашқы қазақ
Дастан Сәтпаев — UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ футболшысы. Бұл оның жеке мансабындағы ғана емес, қазақстандық футбол тарихындағы да маңызды белес.
«Қайраттың» топтық кезеңдегі нәтижелері:
-
«Спортинг» – 1:4
-
«Реал Мадрид» – 0:5
-
«Интер» – 1:2
-
«Пафос» – 0:0
-
«Копенгаген» – 2:3