Қазақстандық әнші қара тізімге енгізіліп, Латвияға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Латвияның сыртқы істер министрі Қазақстандық әнші Жандаурен Аблаевқа елге кіруге тыйым салды.
Ол «Дарите женщинам цветы» және «Песни на кассете» хиттерімен танымал.
Әнші Даугавпилсте өтетін концертте өнер көрсетуі тиіс болған.
Байба Браже Аблаевты Латвия үшін қалаусыз тұлғалар тізіміне енгізді. Бұл туралы “X” әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада айтылған.
Сондай-ақ, әншіге Латвияға белгісіз мерзімге дейін кіруге тыйым салынды. Бұл шешім Латвияның Иммиграция туралы заңының 61-бабының 2-бөлігіне негізделген.