Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дәрігерлерге басшылықтан қысым көп, мамандар жұмыстан кетіп жатыр" - депутат (Видео)

09:33, 28 қараша 2024 121

Депутат Нұргүл Тау Үкіметке осындай сауал жолдады. Оның сөзінше, кадр тапшылығының негізі осы, деп жазады Alash.KZ. 

Мәселен 1 жылда Алматыдағы №1 ауруханадан - 398 адам, №10 - 121 адам, №30 - 90 адам және Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасында 153 адам жұмыстан кеткен.

Алматыдағы Кардиологиялық орталығында жаңа басшының келуімен 1 жылда 218 маман жұмыстан шыққан. Ол қатарда білікті кардиохирургтар, 15-20 жылдан астам қызмет еткен тәжірибелі дәрігерлер, зейнет жасына таяған мамандар бар, - деді.
Мәжілісмен қысым арқылы жұмыстан шығару білім беру, мемлекеттік және бюджеттік салаларда да кездесетінін атап өтті. 

Осы ретте депутат еңбек министрлігінен жұмыстан шығарудың есебін алып, тексеруді ұсынды. Зейнет жасына таяғандармен еңбек шартын жасағысы келмейтіндерді жауапқа тарту, кәсіподақ қызметін жетілдіру қажет деген пікірде. Бұған қоса, 30% жұмыстан шыққан жағдайда, басшыға әкімшілік жауапкершілік тағайындау, 50% жетсе қызметінен босатуды ұсынды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар