Осындай мәтінмен редакцияға хат жазған Абай облысының Ақсуат ауданына қарасты Көктүбек ауылының тұрғыны Балшықбаев Қызырбек Жұмаділұлы бір жылдай ауырып, ақыры аудандық ауруханаға жатып ота жасатып, дәрігерлер өтін алып тастағанын айтты, деп жазады Alash.kz
"Бір жылдай қиналған соң, ақыры өтімді алдыруға тура келді. Абай облысындағы Ақсуат аудандық ауруханасында бір аптадай жаттым. Сонда байқағаным, ауруханадағылардың бәрі өрімдей жастар. Бәрі де өз жұмысын жақсы біледі, осы салаға әбден машықтанып алған. Басында «Қалай болар екен?» деп уайымдап едім. Осы білікті мамандардың арқасында ота сәтті өтіп, аман-есен үйге оралдым" деп жазыпты хат иесі.
Одан кейін Қызырбек Балшықбаев бас дәрігерге алғыс айтқан. "Операцияның басы-қасында болып, оның сәтті өтуіне сеп болған бас дәрігер Алмагүл Мұхамедқызына, Боғдан Оразхановқа, Ербол Оңалбаевқа, жансақтау бөлімінің меңгерушісі Шынар Садыбековаға, Ринат Қойшыбаев пен хирург Ержан Жомартұлына алғыс айтқым келеді" дейді Көктүбек тұрғыны.
Хат соңында автор облыстық емес, аудандық ауруханалардағы дәрігерлер біліктілігінің артқанына өзінің ризашылығын білдіріпті.