Перзентханаға әкінші баласын босануға барған әйел жұмбақ жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Перзентханада екінші баласын босануға барған әйел жұмбақ жағдайда көз жұмған. Марқұм Зарина Сұлтанның ата-анасы журналистерге шағым айтып, қыздарының анафилактикалық шоктан қаза болғанына сенбейтінін жеткізді. Бұл жайлы Ulysmedia жазды.
Туғандарының айтуына қарағанда, Зарина Сұлтан дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмған.
Марқұмның анасы Нышанкүл Тулеева қызының қазасына дәрігерлерді кінәлайды. Сөзінше, қызының жатырында қан қалып, сол іріңдеген болуы мүмкін. Комада жатқанда дәрігерлер қызының жатырын алып тастаған.
Дәрігерлер Зарина Сұлтанның өліміне анафилактикалық шок себеп болғанын айтқан. Бірақ сот-медициналық сараптама қорытындысы әлі шықпаған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Еске сала кетелік, биыл тамызда 28 жастағы Зарина Сұлтан екінші баласын босану үшін Шымкент қаласындағы №1 перзентханаға жатқызылған. Босанғаннан соң қызуы көтерілгеннен кейін дәрігерлер антибиотик салған. Содан комаға түсіп, 33 күн жатып, ес жимастан 27 қыркүйекте қайтыс болған.